Рождественка ауылында үйлерді су басты

Мұндай судың келуіне наурыз айындағы қарлы боран мен ауа-райының күрт жылынуы себеп болған. Бүгінде мұндай қауіп Павлодар қаласынан бөлек, бүкіл аймақ бойынша бар. Адамдар өз баспанасын қалдырып кетуге мәжбүр.

 

өпбалалы отбасы, яғни балалар мен ата-анасы қазір Розовка ауылына әжесінің үйіне көшті. Апат салдарын жою үшін мотопомпа және екі ассенизатор көлігі жұмылдырылды,- дейді Рождественка ауылдық аймағының әкімі Рашид Галеев.

 

Төтеншеліктердің айтуынша, Рождественка ауылындағы жағдай туралы әлеуметтік желіден білген. Оларға жергілікті әкім хабар бермеген. Еріген қар суы даладан келген. Облыс бойынша су басу қаупі таулы елді мекендерден бөлек, барлық аймақта бар. Редакциямызға келген мұндай бейнелер саны жетерлік.

 

-Соңғы рет түскен қар тез арада ери бастады. Ал ауа температурасы +8 болды. Жердің қатуы да әсер кетті. Кей жерлерде ол 1,5 метрге дейін жетеді. Су жер астына сіңіп кете алмайтындықтан осындай жағдай пайда болды,- дейді Павлодар облысы ТЖД ТЖ ескерту басқармасының басшысы Шәкір Ахметов.

 

Бүгінде ТЖД шұғыл штабы тәулік бойы жұмыс істеуде. Құтқарушылар жергілікті әкімдерден су басу қаупі болған жағдайда шұғыл хабарласуды сұрайды.

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа