"Рубиком" компаниясы ерекше қажеттіліктері бар балаларға қуаныш силады
Дәстүрлі шара жайлы алдағы сюжетте. Мұндай акцияларды өткізу дәстүрге айналған. Дегенмен, наурыз мерекесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Іс-шара павлодар облысының азаматтық альянсының көмегімен ұйымдастырылған.
-«Рубиком» компаниясы жыл сайын өңіріміздің барлық ауылдарында Наурыз мерекесін өткізеді. Осы жолы Ленин ауылынан бастадық. Бұл жерде «Қамқор» қоғамдық бірлестігі бар. Осылайша балаларға қуаныш сыйладық,- дейді «Рубиком» компаниясының менеджері Лалия Андреева.
Мереке кейіпкерлері үшін үш тақырыптық аймақ әзірленген. Бұл шеберхана, музыкалық алаң және этноауыл. Осы орайда қоғамдық бірлестіктердің көмегі зор болғанын атап өткен жөн.
-«Рубиком» ЖШС он жылдан астам уақыт бойы Ленин кентінің тұрғындары мен балаларына көмек көрсетсе, мен 31-ші мектепте жұмыс істеген кезімде бастадым. Ол кезде тәрбие жұмысы бойынша оқу меңгерушісі болып қызмет атқардым. Біз осы кәсіпорынның басшылығына жиі хабарласатынбыз, балаларға арналған түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға әрдайым көмектесетініне дән ризамыз,- дейді «Қамқор» көмек және оңалту орталығы» ҚБ директоры Салтанат Сәрсембаева.
«Рубиком» компаниясы балалар жылына орай түрлі шараларды өткізуді қолға алмақ. Келесі мереке Павлодарское ауылында өтеді.
Авторы:Азамат Айтхалин