• Басты бет
  • Қоғам
  • Сайлаушылар тізімінде өзін тексеру мерзімдері белгілі болды

Сайлаушылар тізімінде өзін тексеру мерзімдері белгілі болды

 

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Сәйкесінше, азаматтар өзі туралы сайлаушылар тізіміндегі деректерді дауыс беретін күнге 15 күн қалғанда, яғни 7 тамыздан бастап тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелерінде тексере алады, деп хабарлайды irbistv.kz аумақтық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Ал әскери бөлімдерде, вахталық қалашықтарда, емдеу мекемелерінде, шалғай аудандарда және шетелдегі өкілдіктерде құрылған арнайы сайлау учаскелерінде тізімдермен дауыс беру күніне 5 күн қалғанда, яғни 17 тамыздан бастап танысуға болады.

- Тізімде қателіктер, дәлсіздіктер анықталса немесе есіміңіз енгізілмей қалған болса, сайлау комиссиясына түзету енгізу туралы шағым түсіруге болады. Комиссия өтінішті дереу қарап, түзетулер жасайды немесе дәлелді бас тарту шешімін ұсынады. Келіспеген жағдайда комиссия шешіміне сот арқылы шағымдануға құқығыңыз бар, сот шағымды сол күні дереу қарайды, - деп атап өтті Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері.