Сайлаушылар тізіміндегі деректерді тексеру

 

Дауыс беру күніне 15 күн қалғанда, яғни тамыздың 7-нен бастап әрбір азамат өзінің тіркелген жері бойынша сайлау учаскесіне барып, тізімдегі өзі туралы мәліметтерді тексеруге құқылы, - деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Сондай-ақ тізімге енгізілмей қалу, қате енгізілу, тізімнен шығарылу немесе деректерде жіберілген қателер бойынша шағым түсіруге болады. Азамат жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, тек өзі туралы ақпаратты ғана тексере алады, - деп жеткізді Павлодар облысы АСК өкілдері.