• Басты бет
  • Қоғам
  • Сал ауруына шалдыққан 9 жастағы Данилға ортопедиялық бұйым қажет

Сал ауруына шалдыққан 9 жастағы Данилға ортопедиялық бұйым қажет

-Қазір баламның жағдайы қанағаттанарлық. Оның денесі тырысып қалатындықтан аяқ-қолдары бүгіліп тұрады. Үнемі арнайы ортопедиялық бұйымдарды тағып отыру керек. Әйтпесе аяқ қолы мүлдем жазылмай қалады, - дейді Данилдің анасы Анастасия Шефнер.

 

 

Анастасияның айтуынша қолда бар жұмсақ тутор Данилға кішірейіп қалған. Енді жедел түрде басқасын алу керек. Айта кетсек, бұл ортопедиялық бұйым аяқ қол буындары қисайып кетпей түзу тұруы үшін қажет. 

 

 

-Халықтан көмек сұрағым келеді. Бұл туторға Петропавл қаласына тапсырыс беріп қойдым, ол 140 мың теңге тұрады. Олар дайын тұр. Енді алып кету ғана қалды. Сонымен бірге жөргек пен арнайы балалар тамағына да көп ақша жұмсаймын, - деп мұңын шақты Анастасия Шефнер.

 

Анастасия тәулік бойы баласының жанында отыруға мәжбүр. Тіпті жұмысқа шыға алмайды. Пәтерді жалдап тұрады. Мүгедектік бойынша алатын зейнетақысы  азық түлік, дәрі-дәрмек пен пәтер ақыдан аспайды. Сол себепті Анастасия Шефнер халықтың қолдауына мұқтаж.

 

8 777 864 34 55 Анастасия ШЕФНЕР