• Басты бет
  • Қоғам
  • Сал ауруына шалдыққан тоғыз жастағы Данил Шефнердің отбасысына көмек қажет

Сал ауруына шалдыққан тоғыз жастағы Данил Шефнердің отбасысына көмек қажет

Бұған дейін біз Данил Шефнердің жағдайы туралы бірнеше рет айтқан едік. Өткен жолғы сюжеттен кейін мейірімді павлодарлықтардың көмегімен баланың тыныс алуын жеңілдететін аппаратты сатып алу мүмкін болды.

- Ирбис телеарнасына алғыс айтқым келеді. Біздің ескі аппаратымыз сынып қалған еді, қарапайым халықтың көмегімен қаражат жинап жаңа электрсорғы алдық, - дейді Данил Шефнердің анасы Анастасия Шефнер.

Анастасияның айтуынша жуық арада Ресейдің Новсібір қаласына ем алуға бару қажет. Алайда сапар құны қалта көтермейді.

- Бізге қазір қабылдап жатқан препараттарды ауыстыру керек, баланың жағдайы жақсы емес. Денесі тырысып, демала алмай қалады. Сол себепті бізге Новосібірде жақсы МРТ жасату қажет. Ол үшін 560 мың теңге қажет, - деді Данил Шефнердің анасы Анастасия Шефнер.

Отбасына көмек көрсеткіңіз келсе экрандағы 8-777- 864 -34-55 нөміріне хабарласуға болады. Себебі теңіз тамшыдан құралады.