• Басты бет
  • Қоғам
  • Салынып жатқан үйдің едені мен төбе жабындары сметаға енбеген

Салынып жатқан үйдің едені мен төбе жабындары сметаға енбеген

Жиналған адамдардың баспанасы бұзылған. Әкімдіктің көмегімен олар қазір жалдамалы пәтерлерде тұрып келеді. Бұрын бұл жерде 6 ескі үй тұрған. Бүгін жаңа көпқабаттының құрылысы жүруде. Алюминстрой тұрғындарына №26 және 28-ші үйлері аяқталғаннан кейін көшесіндер деді.

 

- 26-шы үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Алайда, біз онда нақты кімді қоныстандыратынын білмейміз. 28-ші үй де Алюминстройға тиесілі. 4 ай бойы құрылыс тоқтап тұр. Неге екенін білмейміз, - деді Марина Вилмс.

 

Жалдама келісімшарты бойынша адамдар пәтерлерде 2021-дің тамыз айынан дейін тұра алады. Сол уақытқа қарай жаңа үйге көшеді деп жоспарланған. Алайда, көпқабаттылардың бірінде мәселе пайда болып, құрылыс тоқтап қалған.  

 

- Қайтадан далада қаламыз деген алаңдаушылық бар. Құрылыс нақты қашан аяқталатынын білгіміз келеді. Біреу келіп ақпаратпен бөліссе екен, - деді Любовь Ребезова.   

 

Белгілі болғандай, үйдің құжаттамасын дайындаған кезде сметаға жабын плиталарын қоспаған. Салдарынан мердігер 107 миллион теңге тұратын материалсыз қалды. Бүгінде құрылыс бөлімі құжаттамаға түзетулер енгізді.

 

- Қазіргі уақытта барлық мәселе шешілді. Мамырдың 5-6 күндері жұмыстар жалғасады. Мердігерлік ұйым және жобаны дайындаушы арасында мәселе шешілді. Барлығы бір шешімге келді. Қаржыландыру ашылғаннан кейін жұмыстар жалғасатын болады, - деді Павлодар қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Оралбек Қайдаров.  

 

Құрылыс бөлімінде көпқабаттының тапсыру мерзімін атады. Желтоқсан айында адамдар жаңа үйге көшеді деді. Мерзімді бұзбау үшін тақылеттес коммуникацияларды тарту жұмыстары қолға алынды.

 

- №26-шы баспананың құрылысы маусым айында аяқталады. Пәтерлер ескі үйлері 2018 және 2019-шы жылдары бұзылғандарға беріледі. Қалғандарын жыл соңында №28-ші үйге қоныстандырамыз, -  Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлнар Амиралин.

 

Кезекте жалпы 250 алюминстройлық отбасы тұр. 26-шы үйде 108 пәтер бар. Қалғандарына әкімдік жалдау келісімшартын жыл соңына дейін ұзартады.