Салық саласында қандай өзгерістер бар?

Жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін дұрыс есептеу және көлік құралдарын иеленудің нақты мерзімінің өзгеруіне байланысты артық төлемді болдырмау, жылжымалы мүлікке артық төленген салықты қайтаруға байланысты қағазбастылықтың жолын кесу мақсатында жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі кейінге ауыстырылды.

 

- Осы уақытқа дейін көлік салығы ағымдағы жыл соңына дейін өтелуі міндетті болатын. Көп жағдайда алып-сату жайттарына байланысты есептеу кезінде қиындықтар туындайтын. Ал жаңа өзгерістерге сәйкес, 2020 жылғы міндеттемелер бойынша 2021 жылы төлем жүргізу көзделген. Төлем жасаудың ең кеш деген мерзімі наурыздың 31 деп белгіленген, - деді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Бирюкова.

 

Еске сала, кетейік, төлем сомасы көліктің түріне, қозғалтқыштың қуатына немесе көлеміне, жүккөтергіштігіне және отыратын орын санына байланысты. Бұл ретте, ҰОС ардагерлері және жеңілдіктері бойынша соларға теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумағында соғысқан майдангерлер, «Батыр аналар», «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері мен мүгедектер көлік салығынан босатылған.