Салқын күндері жылусыз қалды

Ломов көшесіндегі №150-ші үй тұрғындарының басым бөлігі мүгедектер мен зейнеткерлер. Адамдар жылыту маусымын тағатсыздана күткен. Қалаға бергенде, жергілікті тұрғындардың кішкентай пәтерлері жылынған. 10 күн бұрын үйдегі желіде апат орын алып, төбеден су ағыпты.

 

- Үш рет мына жерден су ақты. Төбеден бәрі жарылып, 10 күн болды біз шақырғалы ешкім келген жоқ. Ешкім сұрамайды да, мына үйдің іші сасып тұр. Мен өзім астмамен ауырамын, ауруханадан келдім. Осылай киіммен жатамын, киіммен тұрамын. Киімді шешпеймін. Себебі үй сұп-суық. Батареялар істемейді. Мынаның барлығын маған кім істеп береді, - деді Ломов көшесіндегі №150-үйдің тұрғыны Жанар Балтабаева.

 

Адамдар ПИК-тің сантехник маманын шақырыпты. Ол келіп орталық желіні өшіріп тастады. Салдарынан көпқабаттының 3 пәтері жылусыз қалды.

 

- Ломов 150 мекенжайы бойынша аталмыш үйге жылу 30-шы қыркүйек күні берілді. 16-шы қазан күні көпқабаттының жылу беруші құбыры зақымдалды. Қызмет көрсетуші ұйым жөндеу жұмыстарын орындады, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Ломов 150 мекенжайына жылу беру үдерісі қалпына келтірілді. Айта кетсек, қаладағы барлық 1200-ден аса көпқабатының батареялары жылы. Алпауыт жеке сектор үйлерін қосу шарасын орындауда.