• Басты бет
  • Қоғам
  • Сандуғаш Рахметова: «Мекенжайымды ауыстырамын деп мемлекеттік баспана кезегінен айырылып қалдым»

Сандуғаш Рахметова: «Мекенжайымды ауыстырамын деп мемлекеттік баспана кезегінен айырылып қалдым»

Кейін Павлодарда таныстарының мекенжайына тіркеліп, құжаттарын қалаға тапсырады.

 

- 2020 жылдың қараша айында «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша, үй алғым келген. Себебі жетімдерге ешқандай үй берілмейді. Мен өзім ипотекаға үй алғым келді. Егер мүмкіндік болса, жолдасыммен. Банкіде менің ЖСН бойынша кезегімді тексергенде, онда маған әкімдікте кезекте жоқсың деп айтты, - дейді Сандуғаш Рахметова.

 

Себебін білмекші болып келіншек Кривенко, 25 мекенжайындағы жауапты мекемеге жүгінеді. Айтуынша, ол 2017 жылдан бері жыл сайын сол жердегі барлық құжаттарын жаңартып келген. Алайда 2020 жазында оған Шарбақты ауданы әкімдігінен хабарласып, жеке сәйкестендіру номері бойынша екі мекенжай көрсетіліп тұрғанын айтып, керегін ғана қалдыруды сұрайды.

 

- Ешкім Сізді алмайды, тек Сіз Шарбақтыдан ғана алынасыз болды деді. Себебі Сізде мұнда екі мекенжай шығып тұр деді. Мен келістім. Сөйтіп ол кісі мені Шарбақты ауданынан кезектен алып тастады, - дейді Сандуғаш.

 

Қараша айындағы өтінішінен кейін Павлодар қаласы қаржы бөлімінен Сандуғашқа ресми жауап келген. Онда келіншектің жетімдер санатында кезекте қағаз күйінде тұрғандығын растаған. Алайда электронды базаға енгізілмепті.

 

- Енді біздің «E-gov»-қа енгізу үшін арнайы министрлікке хат жібердік. Жолдадық. Егер болашақта, 1-2 күннің ішінде шешілуі керек. Алдын ала жіберген тізімге министрлікте енгізеді адамдарды, - деді Павлодар қаласы қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Ақерке Еламанова.

 

Айы-күні жақындап отырған Сандуғаш бұл жауапты 5 ай күткенін жасырмады. Қаржы бөлімі берген мәлімет бойынша ол қазір кезекте 1697-ші тұр. Бүгінгі таңда Павлодарда баспана керек 15400 адам тізімде тұрса, оның шамамен 2300 - жетімдер.