• Басты бет
  • Қоғам
  • Санитарлық дәрігерлер: «Ерте піскен бақша өнімдерін қоланбауға кеңес береміз»

Санитарлық дәрігерлер: «Ерте піскен бақша өнімдерін қоланбауға кеңес береміз»

Әзірге базар мен дүкен сөрелеріндегі көкөністер мен жемістердің басым бөлігі Оңтүстіктен жеткізілген. Зерттеу жүргізілген картоп, орамжапырақ, сәбіз, пияз құрамында нитрат анықталмады. Сонымен қатар жергілікті жылыжайда өсірілген қызанақ пен қияр да тексерілді. Олар да еш қоспасыз болып шықты. Ал Түркістаннан жеткізілген қарбыздың құрамындағы нитрат мөлшері сәл жоғары.

 

- Қала тұрғындарына ерте бақша өнімдері мен сауда нүктелеріне жатпайтын орындардан көкөністер мен жемістерді сатып алуға болмайтынын ескертеміз. Көп мөлшердегі нитрат әсіресе балаларға қауіпті. Түрлі ауруларға әкелуі мүмкін, - деді санитарлық гигиеналық бақылау және қадағалау бөлімі басшысының м.а. Жібек Қараханова.

 

Санитарлық мамандардың болжамы бойынша еш қоспасыз өнімдер тек бір-екі аптадан кейін келеді. Сондықтан тұрғындардан ерте піскен жеміс-жидектерді сатып алуда сақ болуларын сұрайды.