• Басты бет
  • Қоғам
  • Сапасыз жасалған жол телімі. Ұлттық сапа орталығы Железин ауданында төселген асфальтқа осындай баға берді

Сапасыз жасалған жол телімі. Ұлттық сапа орталығы Железин ауданында төселген асфальтқа осындай баға берді

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл учаскедегі бұрынғы асфальт-бетон жабыны жиырма жылдан астам уақыт қызмет еткен. Ал жаңасын тіпті пайдаланып үлгермепті.

- Осы телімге жоспарлы шығу жүзеге асырылды, барысында жол жабынының біркелкі еместігі анықталды. Нәтижесінде учаскеге аспаптық тексеру жүргізілді, ол жол жабынының тегістігі мен көлденең еңістердің сәйкессіздігін көрсетті, бұдан басқа осы учаскеде асфальтбетон жабынының түсуі байқалды, - дейді Павлодар облысы бойынша жол активтері сапасы ұлттық орталығының инженері Марат Уәлиев.

Мамандар учаскелерді заманауи жылжымалы зертхананың көмегімен тексереді. Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының бақылауында облыс бойынша барлығы 150 нысан бар.

- Мынау асфальт емес. Жәй ғана салған. Сапасы өте нашар. Анау көшеге 3 жыл бұрын жол төселген, жап-жақсы, енді мынаған қараңыздар, - дейді Алакөл ауылының тұрғыны (Железин ауданы) Август Ерш.

- Біз мердігер ұйыммен осы бұзушылықты жою үшін сөйлесеміз, жасалған жұмыс үшін төлем әлі жасалмады, орындалған жұмыс актілеріне қол қойылмады, - дейді Железин ауданының экономика секторы бөлімінің басшысы Ерқанат Серікбаев.

Айта кетейін, ауылдағы жолды жөндеуге 23 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Барлық кемшіліктерді жойғаннан кейін ғана ақша төленеді.

- Бастапқыда бізде смета бойынша болжағаннан аз материал болды, өйткені жолдағы жағдай мүлдем басқаша болды, біз бұл ақауларды түзетеміз. Біз жолды басынан аяғына дейін толығымен ауыстырамыз, - деді қосалқы мердігер Ваге Агабекян.

Қосалқы мердігердің айтуынша, мұндай мәселе алғаш рет орын алған екен. Олар жағдайды қарашаның 10-на дейін реттеуге уәде берді.