• Басты бет
  • Қоғам
  • Сараланған тариф: Павлодарда қоғамдық көліктерде қолма-қол ақшамен төлем ақысы екі есе артады

Сараланған тариф: Павлодарда қоғамдық көліктерде қолма-қол ақшамен төлем ақысы екі есе артады

 

 

 

Ағымдағы жылдың бірінші желтоқсанынан бастап, Павлодарда қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің сараланатын тарифі енгізіледі. Мұндай тариф еліміздің басқа да қалаларында бірнеше жыл жұмыс істеп келеді. Павлодарда қолма-қол айырысу үшін жол жүру құны 130 теңгені құрайды. Ал электрондық билетті пайдалану кезінде төлем өзгеріссіз, яғни 80 теңге болып қалады.Бекітілген бірыңғай тариф бойынша зейнеткерлердің жолақысын қолма-қол ақшасыз төлеуі өзгеріссіз қалады және 40 теңгені, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде 65 теңгені құрайды. Осыған байланысты адамдар өз ойларымен бөлісті.

 

-Қоғамдық көлікте қолма-қол ақшасыз жол ақысын бірнеше тәсіл арқылы төлеуге болады. Бұл арнайы көлік картасы, «Автобус» мобильді қосымшасы және танымал банктың «QR»-коды арқылы, -дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Жолаушылардың электронды карталарды қолданудың арқасында тасымалдаушыларға кәсіпорынның қажеттіліктеріне кететін жанармай, құрал жабдықтар, жалақы және бағыттар, сонымен қатар бюджеттен төленетін сапарлардың санын тіркеуге мүмкіндік береді. Әкімдікте егер электронды аппаратта қандай да бір ақауға байланысты төлем жасау мүмкін болмаса, жолаушының тегін жол жүруге құқығы бар.