Сарапшы: «Рубльдің теңгеге тәуелді екендігі мәлім»

Бұл біздің ұлттық валютаға және шекаралас өңіріміз үшін қалай әсер етуі мүмкін тілшіміз анықтауға тырысты. Мамыр айында теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 1998 жылдан бастап ең жоғары мәнге дейін өсті және 6,8-6,9 белгісінде саудалануда. Сарапшылар Ресей мен Қазақстанның валюта нарықтарындағы белгісіздік пен ағымдағы теңгерімсіздіктің жоғары деңгейіне байланысты алдағы уақытта не болатынын болжау қиын екенін айтты.

 

-Қазір біз куә болып жатқанды ешкім ешқашан болжап көрген емес. Валюта нарығында, әлемдегі оқиғаларға мұқият назар салудан басқа амал жоқ. Рубльдің теңгеге тәуелді екендігі мәлім,- дейді сарапшы Антаон Алегин.

 

Қазақстан үшін нығайып келе жатқан рубль салдарынан импорттық тауарлардың қымбаттауына, яғни тұтынушылар үшін бағаның өсуіне әсер етеді. Экономикалық құбылыстың соңғы өнімі инфляция. Екінші жағынан, импортталатын тауарлар құнының өсуі ресейлік тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Қазір шекарадан сапасы төмен өнім жеткізіліп жатқандығы көбісіне таныс. Бұл отандық бизнесті қолдауға біршама серпін беруі мүмкін. Дей тұра, Ресей валютасы бақыланбайтын қымбаттауды жалғастырса, Ұлттық валюта бағамы рубль үшін 7 теңгеге де жетуі мүмкін.

 

Авторы:Дархан Бекишев