Сарапшы:«Қазақстан бойынша алғаш рет кешенді экологиялық рұқсат алған кәсіпорын саламыз»
Қоршаған ортаны қорғау - «ЕЭК» АҚ басты қағидаларының бірі. Осы сала бойынша қажымай тер төгіп жүрген мамандар жетерлік. Солардың бірі Алена Тулекова. Білікті сарапшы 12 жылдық еңбек өтілінің басым бөлігін экологиялық мәселелерді реттеуге арнап келеді. Ол өткен жылы өндірістік экологиялық бақылау қағидаларын әзірлеу бойынша комиссия құрамында болып өзге мамандармен бірге бірқатар түзетулер мен ұсыныстарды жасаған.
-
Біз міндетті түрде жеңе аламыз, өйткені біз бірінші кезекте экобағытты кәсіпорынбыз. Қазақстан бойынша алғаш рет кешенді экологиялық рұқсат алған кәсіпорын болып саналамыз,- дейді "ЕЭК" АҚ электр станциясы қоршаған ортаны қорғау бөлімінің сарапшысы Алена Тулекова.
Сарапшының сөзіңше, ескертулер мен ұсыныстардың басым бөлігі мақұлданған. Экологиялық заңнамға сәйкес қатаңдатылған бірқатар шараларды да тілге тиек етті.
- 2021 жылы жаңа экологиялық кодекс күшіне енді. Бұл кодексте жаңартылған талаптардың барлығы қамтылған. Бірінші кезекте "ЕЭК" АҚ электр станциясы секілді ірі табиғат пайдаланушылары үшін қатаңдатылды. Атмосфераға түсетін эмиссия үнемі назарда. Оның көлемін үнемі азайтып отыру қажет. Ол үшін өндіріске озық технологиялар бағытталынбақ,- дейді "ЕЭК" АҚ электр станциясы қоршаған ортаны қорғау бөлімінің сарапшысы Алена Тулекова.
Шынымен де, бүгінде кәсіпорында ауаға түсетін қалдықтарды азайту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының менеджмент жүйесі және экология бөлімінің жоспарлау, нәтижелілік, тексерулер және тәуекелдер жөніндегі басшысы Ирина Белинова қалдық көлемінің жыл сайын азайып келетінін атап өтті.
-«ЕЭК» АҚ экология саласы бойынша 2010 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Осы уақыт аралығында атмосфераға түскен қалдық көлемінің қысқарғанын айта аламын. Бұл республикадағы экологиялық ахуалға оң әсерін тигізді деп есептеймін. Біз өз кезегімізде аталмыш бағытта бұдан да жоғарғы нәтижеге қол жеткіземіз,- дейді "ЕЭК" АҚ менеджмент жүйесі және экология бөлімінің жоспарлау, нәтижелілік, тексерулер және тәуекелдер жөніндегі басшысы Ирина Белинова.
Бүгінгінің өзекті түйіткілін шешуде көзге түскен қос маманға Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің атынан құрмет грамотасы жіне құрмет хаты табыс етілді. Бұл өз кәсібін сүйетін мықты мамандарға жасалған ерекше құрмет, және біздің кәсіпорын үшін ерекше мақтаныш деп атап өтті «ЕЭК» АҚ басшысы.
Авторы: Бекбол Мырзахан