Сарыарқа ауданындағы құрылыстар биыл аяқталмайды

11 үйді пайдалануға береміз дейді. Оның ішінде 26-шы және 28-ші нөмірлі екі қос подьезді және төрт подьезді үйлер алюминстрой тұрғындары үшін.

 

- 11 үйден басқа 40-шы және 41-үйлердің құрылысы басталады деп жоспарлануда. Биыл Сарыарқа мөлтекауданын толығымен аяқтай алмаймыз. Себебі 40 және 41-ші тағы екі үй қосылды. Олар Қамзин-Циолковский және Циолковский – Расковая көшелері қиылысында болады, - деді Павлодар қаласы құрылыс бөлімі басшысының м.а. НұрдәулетНесіпқазиев. 

 

0 және 41-ші үйлердің құрылысына жылдың алғашқы жартысында кіріспек. Әзірге бұл орында ескі екі қабатты үйлер орналасқан. Ал Шөкин көшесінде жақында соңғы қалған үйді бұзып тастады. Оның тұрғындары көптен бері көшуге келіспеген болатын, сол себепті жұмыстардың басталу мерзімін 2021 жылға қалдырды. Қазір коммуналшылар құрылыс қоқыстарын жинауда. Жақын уақытта мұнда 33-ші нөмірлі жаңа көпқабатты үй бой көтереді.