• Басты бет
  • Қоғам
  • Сарыарқа шағын ауданында 1300 оқушыға арналған қазақ тілді лицей мектебі ашылады

Сарыарқа шағын ауданында 1300 оқушыға арналған қазақ тілді лицей мектебі ашылады

Сарыарқа шағын ауданында бой көтерген лицей-мектебіне оқушыларды қабылдау жүргізілуде. Мұнда бір ауысымда 650 оқушыға дейін білім алуға жағдай жасалған. Көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның есімі берілген білім ордасы тек қазақ тілінде оқытады. Өмірінің басым бөлігін шәкірт тәрбиесіне арнаған педагог-ардагерлер бұл жаңалықты қуанышпен қабылдады.

-Бұл мектеп бірінші рет осындай лицей мектебі болып ашылып жатыр. Сондықтан онда жиналатын кадрлер де тамаша болады деп ойлаймыз. Оқушылардың да құрамы жақсы болады деп ойлаймыз. Ата-аналарға айтарым балаларды қорықпай беріңіздер. Жақсы білім алады. Ол үшін барлық жағдай жасалады,-деп мәлім етті педагог-ардагер Камал Диярова.

 

-Бұл мектеп қазақ тілінде білім беретін мектеп болып ашулуы керек, біріншіден. Екіншіден бұл мектепке баласын беретін ата-аналар және сол мектепте білім алатын оқушылардың қажеттілігін өтеп, қабілетін дамытатындай мектеп болуы керек,-деді ардагер ұстаз Қадиша Бихиенова.

 

Айта кететіні, жаңа білім ордасына педагогтерді конкурстық іріктеу арқылы қабылдайды. Мектеп жаратылыстану-математика бағытында оқытады. Қазіргі таңда оқушыларды қабылдау басталды.