• Басты бет
  • Қоғам
  • Сарыарқа шағын ауданындағы №39 үй құрылысы арада 2 жыл салып аяқталуға жақын

Сарыарқа шағын ауданындағы №39 үй құрылысы арада 2 жыл салып аяқталуға жақын

Сарыарқа шағын ауданында құрылысы 2 жылға созылған №39 көпқабаттыны шілденің соңында тапсырады. Айта кететіні, тұрғын үй жоспарланған «7-20-25» бағдарламасымен емес «Шаңырақ» арқылы кезекте тұрғандар арасында бөлінеді.

 

108 пәтерлі Сарыарқа ауданында орналасқан №39-үйдің құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Алдағы уақытта әкімдіктегілер құжаттарын рәсімдеуді бастайды. Аталған көп қабатты «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандарға тапсырылады.

 

-Бұл үйді біз бюджет қаражатына салған болатынбыз, яғни, несие қаражатына. Бағдарламаға өзгерістер енгізіліп, «7-20-25» аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы тапсыра алмайды екенбіз. Бізге ресми түсініктеме келді. Бұл үйді жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар арасында «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша бөлінетін болады,-деді Павлодар облысы құрылыс басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиев.

 

«Шаңырақ» бағдарламасының бастапқы жарнасы 10 %-ды, мөлшерлемесі жылына 5%-ды құрайды. Несиелеу мерзімі 20 жылға дейін. Айта кететіні, жаңа үйдегі шаршы метрдің құны 160 мың теңге. Бағдарлама қатысушылары әлеуметтік қорғау бөлімі беретін тұрғын үй сертификаттарын пайдалана алады.

-Тұрғын үй сертификаттарын 1,2 топ мүгедектері, көп балалы, толық емес отбасылар, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласының мамандары ала алады,-деп атап өтті Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Кенжегүл Жолжақсынова.

 

Қазіргі таңда, бұл санаттағылардан жалпы 16 мыңға жуық адам кезекте тұр. Әкімдікте, жаңа үйдегі пәтерлер бірінші кезекте аталмаш азаматтарға берілетіндігін жеткізіп, тек баспана қалған жағдайда ғана «7-20-25» бағдарламасының қатысушыларына мүмкіндік берілетіндігін жеткізді.