ШАРАСЫЗ АНА ХАЛЫҚТАН КӨМЕК СҰРАЙДЫ

Әйелдің айтуынша баласының отырып, жүргенін көру оның ең басты арманы. Данил Шефнер туралы біз бұған дейін де бірнешет рет көрсеткен едік. Анасы оны жалғыз тәрбиелеуде. Естеріңізге сала кетсек, баланың орталық жүйке жүйесі зақымдалған. Анастасия ұлым тұрып кетеді деген үмітін жоғалтқан емес. Жақында шетелдік клиникадан шақырту алған.

 

-Испания еліндегі клиникада тексерілу мен ем алу мүмкіндігі бар. Қазір мейірімді жандар көмегімен 2 млн 189 мың теңге бар. Енді 3 миллион 400 мың жинау керек. Бұл жолға кетеді. Адамдар көмек қолын созады деген үмітім бар,- дейді Данил Шефнердің анасы Анастасия Шефнер.

 

Анастасияға баласын емге апару үшін көмектескіңіз келсе 8-777- 864 -34-55 нөміріне хабарласа аласыз.

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы