Шарасыз зейнеткер көмек сұрауда

Павлов, 5 мекенжайының тұрғыны Евгения Семеновна 10 жыл бойы өз кіреберіс алдын абаттандырумен айналысып келеді. Аулада құстарға, ит-мысықтардың тамақтануына арналған орындар, түрлі гүлзарлар, сирек кездесетін өсімдіктерді бар. Зейнеткер жыл сайын қала тұрғындарына демалыс орнын дайындаумен айналысады. Жуырда орын алған дауылдың салдарынан кіреберіс алдындағы ағаш құрылымы қирап қалыпты. Оны қайта жөндеуге әйелдің қаражаты жоқ.

 

  • Жуырда болған дауылдың салдарынан жүзім өсіп тұрған тірек қирап қалды. Жел ағаш құрылымды сындырған. Көршілерім барынша көмектесіп, қажетті соманың кішкене бөлігін жинадық. Өзім де қалған ақшамды қостым,- дейді Павлов көшесіндегі №5-үйдің тұрғыны Евгения Трояненко.

 

Бүгінде металл құрылымды нарықтағы бағадан екі есеге арзан дайындап беретін фирма табылды. Жұмыс шығынына жеңілдік жасалғанына қарамастан, зейнеткердің қаражаты жоқ. Сол себепті қала тұрғындарынан көмек сұрайды. Қажетті сомма 40 мың теңгені құрайды.

 

- Мен мейрімді әрі табиғатқа бей-жай қарамайтын Павлодар қаласының тұрғындарының көмегіне жүгінуге мәжбүрмін. Жүзімге арналған металл тірек аса қажетті. Қатты ыстықта онда қарт адамдар көлеңкеде демала алады. Қазір жобасы дайын, фирма көмектесеміз деді. Тек қалған 20 мың теңге қаражатты жинау қалды,- дейді Павлов көшесіндегі №5-үйдің тұрғыны Евгения Трояненко.

 

Табиғат жазирасын аулада орналастырған зейнеткерге қол ұшын созам деушілер +77710431370 және 61-54-25 нөмірі бойынша тікелей Евгения Семеновнаға хабарласуға болады. Қаражаттан басқа, жануарларға қорек және бау-бақшаны қыстан кейін қалпына келтіру үшін түрлі бояулар қажет.

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа