• Басты бет
  • Қоғам
  • Шарбақтыда ақаумен тұрғызылған мәдениет үйін еш ескертусіз қабылдаған

Шарбақтыда ақаумен тұрғызылған мәдениет үйін еш ескертусіз қабылдаған

Есілбай ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы келісімшартын 2021 жылы жазда жасаған. Мердігер нысанды талап бойынша тоғыз айда тұрғызуы тиіс болса, ол бес айда салған. Шенеуніктер ғимаратты қабылдап, актіге қол қойып, ақша аударған. Алайда содан кейін прокурорлар тексеріс жүргізуді шешкен. Сол кезде барлығы ойдағыдай емес екені анықталыпты.

 

- Көптеген заң бұзушылық бар. Әсіресе сылау бойынша. Есік ылғалдан ісініп кеткен және т.б. Мен бас мердігерге хат жолдадым, ол барлық олқылықты жойды. Қазір клуб жұмыс істеп тұр. Ақау жойылғасын ақша бас мердігерге қайтарылды, - деп хабарлады Шарбақты ауданы экономиканың шынайы секторы бөлімінің басшысы Равиль Гумаров.

 

Әдеп кеңесінде Бобровский және Береговое ауылдық округтерінің әкімдері болды. Оларға мердігерлердің жолды толық жөндемегеніне қарамастан орындалған жұмыстар актісіне неге қол қойылған деген сұрақ туындады. Шенеуніктер ақталуға тырысты.

 

- Біз қайта конкурс өткіздік. Прокуратураға көрсеткен кезде жұмыстың 50 пайызы ғана орындалды. Біз эксроу-есепшоттан қаржыны бюджетке қайтардық. Сөйтіп қайта конкурс өткізіп, нәтижесінде «Дорстрой» ЖШС жеңіске жетіп, осы міндеттерді орындады, - деп түсіндірді Тереңкөл ауданының Бобровский ауылдық округінің әкімі Руслан Умаров.

 

Тәртіптік кеңес мүшелері әрқайсысын тыңдады. Тәртіп бұзушылық бәрібін орын алды деген шешімге келді. Нәтижесінде әрбіреуіне ескерту жасалды.

 

Бибінұр Хамитқызы