Шатыр жөндеуінен соң пәтерлерді су басты

Виктор Шалугиннің пәтерінде барлық бөлмедегі керме төбелерге су жиналып, ісініп кеткен. Енді ол төбенің астына жиналған суды сорғызып алу үшін мамандар іздеуде.

-Жаздажөндейдідепойлағанбыз.Қыста,күздешатырдыкімжөндейді?Жаңбыржауады,қартүседі.Жарайды,жұмыстыбастапкетті,бізүшіннеғұрлымтезірекаяқтағаныжақсы.Бірақосылайсуғабатыпотыратынболсақ,бұлмәселеніңшешіміемес.Шатырдыңбәрінқиратып,кірпіштерінашыптастаған, - дейді Нұрмагамбетов көшесіндегі №120/1 үйдің тұрғыны Виктор Шалугин.

Нәтижесінде мұндай мәселеге жоғарғы қабаттағы барлық пәтердің тұрғындары тап болған Тұрғындардың айтуынша, өткен түн ұйқысыз өткен. Енді олар шатырды жаңарту жұмыстарының соңы өз пәтерлерін қайта жөндеуге әкелмей ме деп алаңдап отыр.

-Біздің үйде зардап шеккен пәтерлер саны 30-дан асады. Тек бесінші қабаттағы тұрғындар ғана емес, төртінші және үшінші қабаттағы пәтерлер де зардап шекті. Кейбір кіреберістерде тіпті бірінші және екінші қабаттарға дейін су жеткен. Негізгі шығын бесінші қабаттағы пәтерлер мен кіреберіс алаңдарына келді, - дейді Нұрмагамбетов көшесіндегі №120/1 үйдің тұрғыны Галина Крук.

Айта кетейік, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы аясында шатырды жөндеуге үй тұрғындарының басым бөлігі келісім берген. Жұмыстардың жалпы құны 80 миллион теңгеден асады. Бұл қаражатты тұрғындар 15 жыл бойы бөліп төлеуі тиіс. Ай сайынғы төлем пәтердің ауданына байланысты 3 мыңнан 7 мың теңгеге дейін болады. Ал қызмет көрсетуші ұйым өкілдерінің айтуынша, олар қала әкімдігі өкілдерімен байланысқа шығып, туындаған мәселені бірлесіп шешуге кіріскен.

-Арнайыкомиссияқұрылады.Оныңқұрамынатехникалыққадағалаумамандары,әкімдікпен«Горкомхоз»өкілдерікіреді.Барлықжағдайжазбашатүрдетіркеліп,тиістіактжасалады.Осыактініңнегізіндемердігерұйымкелтірілгеншығындытолықкөлемдеөтеп,бүлінгенжерлердіқалпынакелтіреді, - деп мәлімдеді ПИК төрағасы Балшакар Мұқанова.

Павлодар қаласының әкімдігінде мердігер ұйыммен келіссөздер жүргізілгенін хабарлады. Келтірілген шығынды мердігер компания өтейтін болады. Сонымен қатар қызмет көрсетуші ұйым өкілдері шатырды жөндеу жұмыстарының қараша айында басталуына келісімшарт рәсімдеу мерзімінің созылып кетуі себеп болғанын түсіндірді. Тұрғындардың басым бөлігінен жаңғырту жұмыстарына келісім алу үшін де көп уақыт қажет болған.