Шағын бизнесті дамыту үшін қандай несие таңдаған дұрыс?

Кез-келген денгейдегі бизнесмен кәсібін әрi карай ілгерілету үшiн косымша каражат көздерін іздестіреді. Ақша айналымын ұлғайту, өнiм желiсiн, қойманы кеңейту, жабдықты жөндеу немесе сатып алу сынды мәселелерді шешу үшін банк несиелері көмектеседi.

-Шағын бизнесті дамытуга арналған несиені банктің өз қаражатынан да, кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттiк бағдарламалары шеңберінде де алуға болады. Соңғысы, әдетте, клиентке арзанға түседі, бірақ бәрiне бiрдей қолайлы емес. Бiздiң банк қаржыландырудың көптеген түрлерiн ұсынады,-дейді «ВТБ» (Қазақстан) филиалының директоры Александр Слободенюк.

Осы күні кәсіпкерлер арасында ең танымал «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы, шеңберiнде жеңiлдiкпен несие беру қарыз алушы үшiн жылдық 6% мөлшерлемемен (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 6,1%-дан басталады) берiледi. Сауда мен жалға алудың кейбір түрлерінен басқа, экономиканың кез-келген сала өкілдері қатыса алады. ШОБ үшiн несие 3 негізгі түрге бөлiнедi: айналым қаражатын толықтыруға, инвестициялық мақсаттарға және овердрафтқа арналған қарыз.

- Егep бизнестiң қаржылық процестерiн қолдау үшін, шикізат сатып алу, мердігерлермен есеп айырысу, салық, жалакы төлеу үшін ақша қажет болса айналым каражатын толықтыруға несиеміз колайлы. Әдетте, орташа мерзiмге бiздiң банкте  3 жылға, 600 млн тенгеге дейінгі сомма беріледі. Егер ipi сатып алулар жасау кажет болса, ғимарат, жабдық, техника сынды, инвестициялык мақсатқа арналған несие бар. Бiздiң банкте 7 жылга беріледі. Сомасы 900 миллион тенгеге дейiн, - деп атап өтті Александр Слободенюк.

Ал овердрафт сияқты өнiм кассалық алшақтықты жабуға қажет болғанда, яғни бизнестiң ақшаға қысқа мерзiмдi қажеттіліктері болған жағдайда қолайлы. ВТБ-да овердрафтты ұлттық валютада да, ресей рублiнде де, 145 миллион теңгеге дейінгі сомаға алуға болады. Шағын бизнесті дамыту несиелері жайлы толығырақ Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 60А мекенжайы бойынша білуге болады немесе келесі телефон бойынша хабарласа аласыздар 8 (7182) 59-37-76.