• Басты бет
  • Қоғам
  • Шененуіктер көше жарығын орнатқан кәсіпкерді сотқа беріп, қолдау тапты

Шененуіктер көше жарығын орнатқан кәсіпкерді сотқа беріп, қолдау тапты

2017-ші жылдың қараша айында шенеуніктер мен үш бизнес субъектісі бірлестігі мемлекеттік-жеке серіктестік аясында келісім жасасты. Павлодарда жарықтандыруды жаңартуға миллиард 700 миллион теңге жұмсамақшы болған. Жұмыстар басталып, соңына дейін аяқталмады. Бұған қарамастан, 2019-шы жылдың қаңтарында жарықтандырудың қабылдау актісіне қол қойылды.

 

- Қуыным берушінің талабы жартылай қанағаттандырылды. Сот қабылдау актісі жарамсыз деген шешім қабылданды. Нысанды қолданысқа беруге тыйым салынды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ, - дейді Павлодар облысы аудан аралық мамандандырылған экономикалық сотының баспасөз хатшысы Ажар Жүсіпова.

 

 

Айта кетсек, құрал-жабдықтардың 10 мыңнан астам реттегіші, 22 басқару блоктары, жарықтың 33 сыртқы басқару шкафы жеткізілмеген. Жалпы құны 404 миллион теңгенің құралдары жоқ. Екі фирма басшысы алаяқтыққа әрекет ету дерегі бойынша қылмыстық істе кінәлі деп танылды. Бизнесмендер жеткізілмеген заттарға арналған қаражатты иеленбекші болған. Тексеру комиссиясы оларға бөгет жасады.