• Басты бет
  • Қоғам
  • Шенеуніктер энергетика және ТҮКШ басқармасының жұмыстарын сынға алды

Шенеуніктер энергетика және ТҮКШ басқармасының жұмыстарын сынға алды

Облыс тұрғындарын апатқа байланысты жылусыз қалдырмау мақсатында, әрбір коммуналдық кәсіпорында апаттық-диспетчерлік бригадалар құрылған. Шенеуніктерден Павлодардың солтүстік бөлігіндегі бекеттің жұмысы жайлы сұралды.

- Жөндеу уақытында жасалмады. Ал олар жөндеуге келген кезде барлығы тынышталып қалған болатын. Усолкадағы тұрғындарды тыныштандыру үшін 150 грамм қосты. Сіздер бізге ештеңе айтқан жоқсыздар. Барлығы тыныш, жақсы деп айттыңдар ғой, - дейді шенеуніктер.

Бұдан бөлек, қоғамшылдар Ақсудағы жаңа қазандықтың жұмысын сынға алды. Оның қуаттылығы металлургтер шаһаран жылумен қамтуға жеткіліксіз дейді. Басқарма мамандары болса, жылыту маусымы штаттық тәртіпте өтіп жатқандығын мәлімдеді. Көмір бағасы туралы да сөз қозғалды.

- Негізінде, қазір көмірдің бағасы бұрынғы деңгейде тұр. Көмір разрездерімен келісімдерге қол жеткізілді, тұйық жерлерден де, разрезден де көмірді тікелей сатып алу мүмкіндігі бар, - деп мәлімдеді шенеуніктер.

Айта кетсек, бүгін аймағымызда қатты отынның бағасы сапасына байланысты 8 мыңнан 20 мың аралығында сатылады. Жылыту маусымы басталғанда кішігірім дүрлікпен сұраныс болған еді. Кейін жағдай тұрақталды.



Авторы:Айтмұхамбет Айғожа