Шет елдік жұмыскерлерді біздегі жалақы қызықтырады
Дегенмен де ондай көші-қон заңын бұзушылар анықталмапты. Бұл тексерістің мақсаты елімізде рұқсат құжатынсыз немесе құлдықта жүрген өзге ел азаматтарын анықтау.
- Бізде негізінен орталық Азия елінен келеді. Мәселен тәжіктер, өзбектер. Жақын орналасқан ресейліктер де көптеп жүреді. Шетелдік азаматтар бізде аз ғана құжатпен жұмыс істеп жүре беруге рұқсатты оңай ала алады, - деді Павлодар облысы ПД көші-қон басқармасының басшысы Арман Уәлиев.
Көші-қон басқармасында мәлімдегендей еңбек етуге ғана емес, жай қонаққа келіп, жүріп алатын өзге ел азаматтары да жетерлік. Ал келімсектерді негізінен өз елімен салыстырғанда біздегі жоғары жалақы қызықтырады.
- Біз негізінен комерциялық нысандарды, құрылыс алаңдарын, дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарын, шаруа қожалықтарын аралаймыз себебі дәл осы жерлерде мәжбүрлі жұмысқа жегу деректері анықталуы мүмкін. Біздің арнайы топ оларға барып, жауап алады, - деді Арман Уәлиев.
Жақында Екібастұз қаласында құрылыс саласында жұмыс істеп жүрген 28 Өзбекстан азаматы анықталды. Олар Қазақстанда тіркеуде болмай шықты. Мұндай шетелдіктер бірден еліне қайтарылады.
