• Басты бет
  • Қоғам
  • Шомылу маусымында Павлодардағы жағажайларда бейнебақылау орнатылады

Шомылу маусымында Павлодардағы жағажайларда бейнебақылау орнатылады

 

 

 

Павлодар қаласында екі ресми жағажай, біреуі орталық, екіншісі Усолка мөлтекауданында. Олардағы дайындық сәуірде басталған. Өзен түбі тазартылып, қоқыс пен ағаш қалдықтарын жинастырған.

 

- Биыл 3 көлеңке шатырға көбейеді. Күнқағарлардың да саны артпақ. Олар 30-дан аса орнатылады. Қосымша150 шақты шезлонг әкелеміз. Сонымен бірге су ішетін фонтандардың саны артады,-деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Арман Құсайынов.

 

Биылғы жаңалық жағажайда балаларға арналған 50 метрлік тегін шағын бассейннің құрылысы жүргізілуде. Орталық жағажайда 10, ал Усолкада 3-4 құтқарушыларға арналған мұнара болады. ТЖД қазір жазда жұмыс істейтін құтқарушыларды оқытуда.

 

-Биыл алғаш рет 14 бейнебақылау камерасы орнатылады. Бұл вандалдардың жағажай элементтерін бұзуының алдын алуға сонымен бірге бірінші кезекте адамдардың суға батып кетуі секілді қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталады,-деп жеткізді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Арман Құсайынов.

 

Шомылу маусымы шамамен маусымның 10-нан кейін ашылады деп жоспарлануда. Биыл павлодарлық жағажайлардыға қызмет көрсету мен абаттандыруға 155 миллион теңге бөлінген.