• Басты бет
  • Қоғам
  • Шұрық тесік: автожүргізушілер Толстой көшесінің жолын сынға алды

Шұрық тесік: автожүргізушілер Толстой көшесінің жолын сынға алды

Қала тұрғындар көктем келгенлі шұңқыр жол бойы түсірілген бейнелерді редакциямызға көптеп жіберуде. Толстой көшесіндегі жол көлік иелері үшін нағыз сынаққа айналған. Олар барлық шұңқырларды айналып өтуге тырысып, кей кездері ереже бұзуға мәжбүр.А қпан айында Толстой көшесі Катаевтан Қамзинге дейінгі аралығын қазып тастаған. Алпауыт коммуникацияны ауыстырғаннан кейін жол жабынын қалпына келтіреді. Мамандар нақты мерзімді атаған жоқ.

 

-Толстой көшесінде жаңа су желісіне қосылу шарасы орындалады. Апатты 140 метр құбыр ауыстырылады. Аталмыш шараны орындау үшін тұтынушыларды судан ажыратуға тура келеді. Қазір алпауыт жоспар құрастыруда. Кейін қазылған жерлер жабылады,-дейді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы

Темір Қасқабаев.

 

Естеріңізге салсақ, қалада осындай 90-ға жуық қазылған жер телімдері бар. Көлік иелері олардың жөндеуі қашан аяқталатынын тағатсыздана күтуде.