• Басты бет
  • Қоғам
  • Шұғыл түрде шешуіңізі сұраймын: Аққулы ауданының тұрғындары жанар-жағармайдың жоқтығына шағымдануда

Шұғыл түрде шешуіңізі сұраймын: Аққулы ауданының тұрғындары жанар-жағармайдың жоқтығына шағымдануда

Бұл туралы халықтың облыс әкімімен кездесу жиыны барысында мәлім болды. Әбілқайыр Сқақов ауданға жұмыс сапарымен барған еді.

 

Сапар жас спортшылармен кездесуден басталды. Жергілікті жастар арасында соңғы жылдары ұлттық ат ойындары қарқынды дамып келеді. Бокс пен үстел теннисі де балалардың сұранысына ие. Әлеуметтік нысандарды аралаған соң, аймақ басшысы тұрғындармен кездесу өткізді. Сұрақ-жауап сессиясы бірден маңызды мәселеден басталды. Аққулыда жанар-жағармай тапшы. Орталықтағы жалғыз бекет, уақытша қызметін тоқтатып тұр. Ауыр жүк көліктері көп аудан тұрғындары үшін бұл көкейкесті тақырып, сол себепті көбісінің назы бір арнада болды.



-Солярка, май, бензин, өтірік айтпасам, 2000 жылдардан бастап қаладан әкеле жатырмыз. Қараңызшы қандай шығын. Жедел жәрдемның өзінің жанармайы жоқ, құдай сақтасын адам ауырып қалса не болады? Осы сұрақты шұғыл түрде шешуіңізі сұраймын,- дейді аудан тұрғындары.



Облыс әкімі олқылықты жою үшін инвесторларды тарту қажеттігін нұсқап, бизнес нысанын ашу мемлекеттік құзыретке кірмейтіндігін түсіндіріп, сабырлық танытуға шақырды. Ал аудан басшысы алдағы уақытта жаңа бекеттерді ашу жоспарлары жайлы мәлім етті.



-Олар өз пайдасынан айырылып жай тоқтаған жоқ шығар, сондықтан осы түсіну керекпіз, Содан келтіріп отыр қалпына. Енді жоқ заправканы қай жерден аламыз? Шыдамдылық болу керек бұл жерде,- дейді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.



-Кестеге сәйкес жөндеуде. Бір айда бітеді. Маусымның 1-нен бастаймыз деп айтты. Жол бойындағы сервистік қызмет жанында жаңасы ашылады. Құжаттарды әзірлеп жатыр, бір аптада ашылады деп айтты. 1-2 айда «Пегас» құрылысын бастайды,- дейді Аққулы Ауданының әкімі Абзал Балғабаев.



Аудан тұрғындары өзге «классикаға» айналғансу мәселесін де қозғады. Биыл Мерғалым, Баймолдин және Төсағаш ауылдарына ауыз су тартылады. Сонымен қатар елді мекендер байырғылары жол асфальттау, ұялы байланыстың болмауы сынды сұрақтарды көтерді. Әбілқайыр Сқақов есептік кездесуде қойылған сұрақтардың бәрі шешімін табатынын айтты. Әрбір мәселе бойынша нақты тапсырмалар берілді.

 

Авторы:Дархан Бекишев