• Басты бет
  • Қоғам
  • Синоптиктер келесі аптада ауа температурасы -35 градусқа дейін суытады деп болжам жасады

Синоптиктер келесі аптада ауа температурасы -35 градусқа дейін суытады деп болжам жасады

 

 

Осы аптадағы ұщқын қар боран алдындағы тыныштық сәті дейді синоптиктер. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрап, аяз тұрады.

 

-Ауа температурасы бүгін 7-12 градусқа дейін суытады. 30 қарашаға дейін -22 – 27 дейін аяз болады,-деп мәлім етті «Қазгидромет» РМК павлодарлық филиалының инженер-синоптигі Мұхамед Бақтыбай.

 

Келесі апта ішінде -35-ке дейін суытады деп күтілуде. Жел бәсеңдейді деп мәлімдеді синоптектер. Ал құтқарушылар 112 қызметі жіберетін хабарламаларды мұқият қарап отыруға шақырады.

 

-Қысқы уақытта жолға шықпауды сұраймыз. Егер шықсаңыз жылы киім, пима, сіріңке, шам алу керек. Және жанар жағармай қоры артығымен болуы тиіс. Біздің облыста кез келген бағытта жылыту пункттері бар, -деді Павлодар облысы ТЖД басшысының орынбасары Қайрат Шаймерденов.

 

Әзірге осы маусымда тек бір рет Қарағанды жаққа апаратын жолды жапқан. Құтқарушылар жақын уақытта тағы тыйым салулар болуы мүмкін екендерін жеткізді.