• Басты бет
  • Қоғам
  • Smart Ustaz: Павлодарда педагогтер үшін практикалық тренинг өтті

Smart Ustaz: Павлодарда педагогтер үшін практикалық тренинг өтті

 

 

Педагогтер, оқу меңгерушілері мен мектеп психологтері үшін өзекті тақырыптар бойынша оқу дәрістері ұсынылды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Тыңдау, есту, сезіну және жауап беру – тренингіде жай ғана сөйлеуге емес, нағыз коммуникация құруға үйретеді. Ата-анамен, мұғалімдермен, әріптестермен. Әсіресе кризистік жағдайларда. Кездесу Smart Ustaz жобасы аясында өтті.

 

- Бүгін біз коммуникацияның жаңа форматы туралы айтамыз. Бұл мен басты тұлғамын, мен шешемін деген сөз емес. Білім саласындағы адам балалар мен ата-аналарды, әріптестерді сапалы деңгейде көре алады. Біз бірінші кезекте қолайлы дағдыларды үйретеміз,-деді SmartUstaz жобасының үйлестірушісі

Алина Хаматдинова.

 

Тренинг кезінде марапаттау рәсімі де өтті. Smart Ustaz конкурсының жеңімпазы павлодарлық 43-мектептің биология пәнінің мұғалімі. Анастасия Зиневич сыйлыққа ақылды колонка ұтып алды. Жазда ол soft-skills бойынша онлайн курстан өтіп, ең белсенді қатысушы болған.

 

- Тренингідегі ең бағалысы бұл коммуникативтік дағдыларды дамыту, сәйкесінше мен мұны ата-аналармен, балалармен және әріптестермен жұмыста қолданатын боламын. Бүгін біз бір-бірімізбен кері байланысқа шығуды үйрендік. Мәселен ата-анамен қиын жағдай туындаған сәтте оны қалай шешу керектігін білдік,-деді №43 ЖББОМ биология мұғалімі Анастасия Зиневич.

 

Smart Ustaz жобасы бүкіл ел бойынша 6500 астам педагогты біріктірген. Онлайн курстар тәулік бойы қолжетімді, және ол кәсіби ғана емес жеке тұрғыдан өсуге мүмкіндік береді. Бұл дағдарысты басқарудан бастап тиімді коммуникацияға дейін. Ұйымдастырушылар ыңғайлы дағдылар педагогикалық мамандықтың ажырамас бөлшегіне айналуда.