Соңғы тәулікте екпінді желдің салдарынан 109 байланыс орталығына 900-ден аса өтініш келіп түсті
Ауа райы қолайсыздығынан Павлодардың басым бөлігіне төмендетілген қысыммен су берілді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Бүгіннің өзінде біріңғай байланыс орталығына өтініштер келіп түсуде. Мәселелердің басым бөлігі коммуналдық салаға тиесілі. Мамандар оларды бірден ТҮКШ бөліміне жолдайды. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп 25 мекенжайында ағаш құласа, Сәтбаев – Естай қиылысында бағдаршам бағанасы опырылып қалған.
- Апаттық жағдайларға байланысты электр желісіндегі ақаулар су желісіндегі ақаулар, сонымен қатар, ағаштардың құлауы секілді түрлі деңгейдегі шағымдар болды. Сонымен қатар, кейбір мекенжайларда төбелердің жабындысы ұшып кеткен. Кейбір жерлерде басқа бір жекелей ғимараттардың қабырғалардың қасбеттеріне желдің салдарынан зақым тиген болатын,-деді Павлодар облысы 109 біріңғай байланыс орталығының басшысы Абзал Қабдраш.
Бүгінге әкімдік екпінді желдің салдарынан келтірілген залалды есептеуде. Мамандар ауа райы жақсарса да, алыс жолға шықпауға және басқа да сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.