• Басты бет
  • Қоғам
  • Светлана Педченко 1993 жылы ауысып кеткен туған қызын тапты

Светлана Педченко 1993 жылы ауысып кеткен туған қызын тапты

Осыдан 27 жыл бұрынғы оқиға НТВ арнасында талқыланған. "ДНК" бағдарламасында Светлана Педченко өзінің биологиялық қызы деп санайтын бойжеткен алғаш рет ашық әңгімеге келісті. Оның есімі - Валерия. Эфир барысында ол жаңа отбасымен қарым-қатынасқа әлі қызығушылық танытпайтынын айтты. Бағдарламаның соңы талдау нәтижесімен аяқталды. Онда 27 жасар Валерияның Светлана мен Олег Педченколардың қызы екені расталды.

 

Еске сала кетейік, Павлодар қалалық сотында талап-арыздан бас тарту кезінде балалардың нақты ауыстырылғаны анықталған жоқтығы көрсетілген. Сол кезде ДНК тестін тек Анастасия, яғни Педченколар отбасысында тәрбиеленген қыз өткен еді.

 

- Біз «ДНК» бағдарламасына тек қызымызбен генетикалық зерттеу жүргізу үшін қатыстық. Енді біздің қолымызда 1993 жылы екінші қалалық аурухананың перзентханасы қызметкерлерінің кінәсінен қылмыс орын алғаны жайлы айыпты алға тартатын дәлелдер бар, - дейді Светлана Педченко.

 

Светлана Педченконың айтуынша, отбасы Павлодар облыстық сотына апелляциялық шағым түсірген. Сондай-ақ, 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп алу талап етіледі. Ерлі-зайыптылар бұл қаржыны енді екі қызына тұрғын үй сатып алуға бағыттағысы келетіндерін жеткізді.