• Басты бет
  • Қоғам
  • Сынақтардан кейін Павлодарда 33 көпқабатты ыстық сусыз отыр

Сынақтардан кейін Павлодарда 33 көпқабатты ыстық сусыз отыр

Сәуірдің 26-ы басталған сынақтың қорытындысы бойынша 24 ақау анықталды. Бүгінде 33 көпқабатты, оның ішінде оңтүстікте 27 және солтүстікте 6 үй қайнақ сусыз отыр. Осы ретте, павлодарлықтар өз ойларымен бөлісті. 

 

Олқылық анықталған мекенжайға қайнақ судың беру мерзімін алпауыттың ресми сайтынан көруге болады. Жоспар бойынша жөндеу мерзімі 3-ші мамырда аяқталуы тиіс.

 

- Гидравликалық сынақтар желілердің осал тұстарын анықтау мақсатында жасалады. Осылайша жылыту маусымына дайындық жүргізіледі. Шара аяқталғаннан кейін анықталған ақауларды жою басталады. Жұмыстардың аяқталу мерзімі біздің ресми сайтта жаңартылып отырады, - деді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Екатерина Байжуманова.

 

Келесі сынақ қаланың оңтүстік бөлігінде мамырдың 3-інен 6-сы аралығына өтеді. Барысында №1 жылу энерго орталығына тиесілі желілердің төзімділігі тексеріледі.