Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Тұрғындар балабақша маңың қоқыс алаңына айналдырған

Қоғам

16
Виктор Лысенко соңғы 5 жылда №111-ші балабақшаның аумағын тазалаумен айналысып келеді. Айтуынша, бұрын мекеме қызметкерлері үнемі сенбілік ұйымдастыратын. Эпиджағдайға байланысты қазір оған тыйым салынған. Ер адам күнде өзіне тиесілі аумақты жинап отырады. Алайда, келесі күні жақын көпқабатты үйдің тұрғындары қайтадан қоқыс шашып кетеді екен.

-Құзырлы органдар №80 үйге назар аударса екен. Аталмыш көпқабатты үйдің тұрғындары балабақша маңайына қоқыс тастап кетеді. Мен мұны үнемі көремін. Осы үйдің балалары шыны бөтелкелерді бетон қоршауға сындырады. Барлық қоқысты жинауға шамам жетпей жатыр, деп ашынды балабақшаның аула сыпырушысы Виктор Лысенко.

 

ПИК ірі көлемді қоқыс лақтыратын орын ретінде балабақша маңайын таңдаған екен. Сәйкесінше тұрғындар телімді қоқысқа толтырған. Виктор Лысенконың айтуынша, ескі дивандар мен құрылыс материалдарының орнына адамдар барлық тұрмыстық қалдықтарды тастап кетеді екен. Жел салдарынан барлығы балабақшаға қарай ұшады.  

 

-Біздің қызметкерлер ТҮКШ, полиция өкілдерімен оқиға орнына барып, апаттық қоқыс орны бар ма жоқ па екенін анықтайтын болады. Кейін қоқыс тастауға рұқсат бергендерді табамыз. Олар жауапкершілікке тартылады, -деп түсіндірді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қанат Желдібаев.

 

Тұрғын үй инспекциясында қажет болған жағдайда  тұрақты қоқыс орны мәселесі қарастырылатыны туралы айтты. Мақұлданса ол бетоннан құйылып, қоршау пайда болады.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()