Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Танымал спортшы коронавирус індетін қалай жеңгенін айтып берді

Қоғам

13
Кәсіби хоккейші, еліміздің жастар құрамасының және «Ертіс» клубының ойыншысы Давыд Макуцкий жаз кезінде COVID-19-дың ойдан шығарылмағанын айқын түсінген. Ол таңертеңгі жүгірістердің бірінде өзін нашар сезінген екен. Қызуы көтеріліп, иіс сезінуі жоғалыпты. ПТР тест оның денесінде бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін вирус бар екенін растаған.

-Менің ойымша вирустан сақтану шараларын ұстану қажет. Өз басым спортшымын, иммунитетім жоғары. Дегенмен ауру маған да жұқты. Басында мен де вирус бар дегенге сенбеген едім. Одан кейін көзім жетті. Адам көп шоғырланған орындардан алыс жүрген жөн. Сонымен қатар, бетпердені үнемі тағу керек. Біз дәрігерлердің жаз бойы қаншама әбігерге салынғанын көрдік. Бұдан кейін қалай сенбеске,- дейді кәсіби хоккей ойыншысы   Давыд Макуцкий.

 

Иммунитеті кәсіби спортшы сияқты күшті емес адамдар үшін вирус өте қауіпті. Көптеген мықтлардың өзі COVID-пен бетпе бет келіп әзер дегенде бұрынғы қалыпқа оралған. Хоккейші қарапайым ережелерді сақтап қана қауіпті сейілтуге болады дейді. Індеттің ағзаға келтірер зияны өте ауқымды.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()