• Басты бет
  • Қоғам
  • Танымал спортшы коронавирус індетін қалай жеңгенін айтып берді

Танымал спортшы коронавирус індетін қалай жеңгенін айтып берді

-Менің ойымша вирустан сақтану шараларын ұстану қажет. Өз басым спортшымын, иммунитетім жоғары. Дегенмен ауру маған да жұқты. Басында мен де вирус бар дегенге сенбеген едім. Одан кейін көзім жетті. Адам көп шоғырланған орындардан алыс жүрген жөн. Сонымен қатар, бетпердені үнемі тағу керек. Біз дәрігерлердің жаз бойы қаншама әбігерге салынғанын көрдік. Бұдан кейін қалай сенбеске,- дейді кәсіби хоккей ойыншысы   Давыд Макуцкий.

 

Иммунитеті кәсіби спортшы сияқты күшті емес адамдар үшін вирус өте қауіпті. Көптеген мықтлардың өзі COVID-пен бетпе бет келіп әзер дегенде бұрынғы қалыпқа оралған. Хоккейші қарапайым ережелерді сақтап қана қауіпті сейілтуге болады дейді. Індеттің ағзаға келтірер зияны өте ауқымды.