Тас жолдар қыс мезгіліне дайын ба?

 

 

Бұл туралы жауапты мамандар арнайы брифинг кездесу кезінде айтты. Сонымен қатар шенеуіктер Восточный айналма жолы жобасы ескіргенін жеткізді. Себебі көрсетілген құны қазір өзекті емес.

 

Айта кету керек облыстық, аудандық және қалалық маңыздағы жолдарды отыз мердігер қардан тазартады. Шенеуніктердің ақпараты бойынша мың тоннадан астам көктайғаққа қарсы қоспа мен 245 техника дайындаған.

 

-Өткен жылдары қыста облыстың автомобиль жолдары жалпы ұзындығы 54 шақырым қар ұстап қалатын 185 телім анықталды. Бұл облыстық маңызы бар жолдағы 51, аудандық маңыздағы 134 телім. Сол себепті біз қысқа дайындық жұмыстары кезінде жол шетіндегі шөпті шауып, шұңқырларды жамап, жол белгілерін орнатттық,-деді Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нариман Омар.

 

Ал республикалық жолды «Қазавтожол» қарайды. Елордаға апаратын жолда бір мердігер болса, қалған трассаларда басқа мердігер. Биыл оларға қызмет көрсету үшін 2 млрд 600 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар Восточный айналма жолының құрылысы да әлі шешілмеген.

 

-Восточный айналма жолы бойынша бізде екі лот. Бірінші лот 15 миллиард. Екіншісі шамамен 6 миллиард. Жоба 2019 жылы жасалған. Одан бері үш жыл өтті. Қазіргі уақытта байқау рәсімдеріне мердігерлер қатыспай отыр, себебі жоба құны ескірген,-дейді «ҚазАвтоЖол»» ҰК» АҚ ПОФ директорының орынбасары Ержан Кисиков.

 

Республикалық бюджеттен қаражат бөлінбеген. Ал Ертіс арқылы өтетін жаңа көпір құрылысы мәселесі қайта қозғалды. Естеріңізге сала кетейін, бұл бұрынғы жоба, алайда ақша болмады. Мемлекет басшысы аймағымызға жұмыс сапарымен келгенде көпірдің маңыздылығы туралы айтты. Енді келесі жылы оны тұрғызуды бастамақ.