Тазалықты өзіңнен баста!

«Мен ешкімнен көмек күтпей, өзім жинауға кірістім. Бұл жер лас болса, мен оның тазалығы үшін не істедім деген сұрақ қойдым. Осы ретте, жақтастарыммен бірге сенбілік ұйымдастырдым. 12 адам қазірдің өзінде 40 қап қоқыс жинадық. Басқа да қала тұрғындарын бұл игі іске шақырамын» - дейді Зара Қазбекова.

 

Бұл жолғы тазалық науқанына 12 адам қатысы. Қаптарды бір жерге үйді. Кейін коммуналшылар жиналған қоқыстарды алып кетуге көмектеседі.