Тегін медициналық қызмет алу үшін қарыз болмауы керек

Тек қаңтар айына 2125 теңге мен өткен жылға 10 мың теңге төлем жасаған. Дегенмен емханада ақ халаттылар 2020 жылдың жарнасын толық төлеуін сұраған.

 

- Күндізгі стационардың мәселесі шешілді ме дегенде, жарнаны төлемегенше ревматоидтық артрит бойынша ешқандай ем болмайды деді. Не анализ тапсыра алмаймын, не система ала алмаймын. Мұның бәрі ақшаны төлегенде ғана қолжетімді, - дейді Наталья Лихоносова.

 

- Ревматоидтық артрит созылмалы аурулар тобында. Яғни кепілдендірілген тегін медициналық көлемге жатады. Пациент диспансерлік есепте тұруы керек. Жарты жылда бір рет анализ тапсыра алады. Жылына бір рет ревматолог дәрігердің нұсқаулығымен рентген өтуіне болады. Тегін медикаменттер, асқыну болса стационарлық емделуге құқығы бар, - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Касимов.

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директорының айтуынша заң бойынша жарнаны төлемеген кез-келген азамат соңғы 12 айдың қарызын өтеуі керек. Аталған санаттағыларға айына 2125 теңге. Әйтпесе, ол адам сақтандылығандар қатарында болмауы ібден мүмкін.Жалпы сақтандыру қоры арқылы тегін медициналық көмекті ревматоидтық артритпен қоса созылмалы аурулардың 25 түрі бойынша алуға болады.