• Басты бет
  • Қоғам
  • Тереңкөл ауданында құс тұмауын жұқтырған 260 қанатты жойылды

Тереңкөл ауданында құс тұмауын жұқтырған 260 қанатты жойылды

- Сол күні Березовка ауылындағы жеке шаруашылықты карантинге жаптық. Құстардың басым бөлігі сонда қырылған. Оған дейін бес күнде өлген құстарды жою жұмыстары жүргізілді. Ал бүгін республикалық жасақ тірі қанаттыларды жойып, аумақты залалсыздандырды, - дейді Тереңкөл ауданы Воскресенка ауылдық округінің әкімі Оксана Жаркина.

Карантин 14 күнге созылады. Барлығы 260 бас  жойылды. Оның ішінде 46-сы тауық, 104-і қаз және 110 бас үйрек болған.

-Жойылған құстардың иесіне өтемақы төленеді. Өтемақы көлемі комиссия отырысы өтіп, бағалары анықталған кезде белгілі болады. Бұл шешімді арнайы комиссия шығарады, -деп мәлімдеді Павлодар облысы ветеринария басқармасының бөлім басшысының м.а. Ғалым Бейсенов. Березовка ауылында 85 үй-жай бар, оның 36-сы үй құстарын өсірумен айналысады. Жергілікті әкімнің айтуынша, қан сынамалары олардан да алынды.