• Басты бет
  • Қоғам
  • Тереңкөлде қансорғыштарға қарсы шараларға жауапты мердігерді сотқа беруге құжат дайындалуда

Тереңкөлде қансорғыштарға қарсы шараларға жауапты мердігерді сотқа беруге құжат дайындалуда

Бүгін Железин және Тереңкөл аудан әкімдерінің қатысуымен онлаин баспасөз конференциясы өтті.

 

Железин алқаптарында биыл алғаш рет орамжапырақ отырғызылғандығы сөз болды. Жалпы көкөніс өнімдерінің аумағы 200 га жерді құрады.

 

- 20 га орамжапырақ отырғызылды. Әжептәуір алқап, ауданда бірінші рет егіліп отыр. Қанша өнім беретінін, анықтап, білген жоқпыз. Әзірге белгісіз қанша тонна, қалай шығады, -деп мәлім етті Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхимов.

 

Осыдан екі апта бұрын біз Павлодар облысында жасыл желекті жібек құрт басып жатқандығы жайлы хабарлаған едік. Жәндіктер аудандарында ағаштарға зиян келтіріп, тұрғындар түсірген бейнелер желіде таралған. Железин ауданы әкімі орман шаруашылығы өз қаражаттарынан өңдеуге кіріскендігін айтып, қазіргі ахуал жайлы мәлім етті.

 

-Орман шаруашылығының аумағы жерлер. Урлетюб жері бар, олар өңдеу жүргізіп жатыр. Өз уақыты бар. 20 күннен кейін, құрт көбелекке айналып ұшып кетеді, қазір бәсеңдеді, куклаға айналып, сондай күй кешіп жатыр,-дейді Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхимов.

 

Ал Тереңкөл ауданында қансорғыштармен күрес сәтсіз ұйымдастырылған. Шіркей жоқ болғанымен, маса тұрғындарды әбігерге салды. Нәтижесінде, әкімдік алдын алуға жауапты мердігерді сотқа бермек.

 

- Шіркей биыл жоқтың қасы деуге болады биыл. Бірақ, сары маса өте көп болды. Бүгінгі күні мердігер компанияға барлық құжат дайындалып, сотқа беруге әзірленуде,-деді Тереңкөл ауданының әкімі Азамат Маңғұтов.

 

Аудан әкімдігінде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен бөлісті. Анықталғандай, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 млрд.100 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 5 % жоғары. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 5млрд.774 млн. теңге.