TikTok әлеуметтік желісінде тараған «зорлау күні» - фейк

 

 

TikTok және басқа да әлеуметтік желілерде 24 сәуір Халықаралық зорлық-зомбылық күні екені туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Желі қолданушыларының пікірінше, 24 сәуір күні ер адамдарға әйелдерге зорлық көрсетуге рұқсат беріледі. ІІМ ағылшын тіліндегі посттан тараған бұл хабарламаның жалған екенін атап өтті.

 

-Қазіргі уақытта "24 сәуір" туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағында таратқан TikTok желісінің екі қолданушысы анықталды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деп атап өтті тәртіп сақшылары.

 

Фото: Freepik.com