Трамвайда жолақыны Kaspi QR арқылы төлеуге болады

Kaspi QR-дің барлық төлемдеріне комиссия алынбайды. Ал сәуірдің 21-нен осы әдіспен билет сатып алған әр жолаушыға жолақының 30%-ын бонус ретінде қайтарып береді. Бонустарды Kaspi.kz қосымшасы арқылы коммуналдық төлемдер жасауға, мобильді байланыс пен басқа да саудаларға пайдалануға болады. Kaspi.kz Павлодар қаласы трамвай басқармасымен бірлесе отырып, жаңа ыңғайлы қызмет түрін ойлап тапқан.   

      

- Біз жолаушылар тасымалы қалалықтар үшін барынша жайлы болуы үшін әлеуметтік желілерді саралап отырамыз. Және олардың ұсыныстарын барынша тыңғылықты қарастырамыз. Осы идеяны берген халық. Себебі бізде Каспиді қолданатын киленттер өте көп, - деді «Павлодар қаласы трамвай басқармасы» АҚ экономика бойынша басқарма төрағасының орынбасары Виталий Сирик.  

 

Трамвайда жолақыны төлеу үшін салондағы QR-кодты сканерлеу керек. Жолаушыларға ыңғайлы болсын деп оны салонның алты жерінде орнатқан.   

 

- Бұл өте аңғайлы. Біз қазір күн сайын төлемнің осы үлігісі барынша танымалдылыққа ие болып, екі есе артқанын байқадық. Біз ерте ме, кеш пе әйтеуір қолма-қол төлемнің орнын басады деп санаймыз. Және оның қаншалықты жылдам игеріліп жатқанын ескерсек, ол аса ұзаққа созыла қоймасы анық, - деді Виталий Сирик.                 

 

Kaspi QR жүйесі арқылы төлеумен жолдағы барлық трамвайлар қамтамасыз етілген. Сондай-ақ билеттерді Kaspi.kz қосымшасымен орнынан тұрмай-ақ алуға болады. Жолаушылар жаңашылдықты бірден бағалап үлгерді. Жылдам, ыңғайлы және бонустар түседі. Павлодарлықтар тек жағымды пкірілер айтуда.