Травматолог мамандар күніне мыңдаған жанды құтқарады

Облыстық аурухананың травмотология бөлімінде жатқан емделушілердің көңіл күйі тамаша. Операцияның өткеніне көп уақыт болмаса да, жағдайлары оңалған адамдар жуық арада қалыпты өмірге оралады. Бұл жергілікті дәрігерлердің еңбегі. Андрей Пороховой 26 жыл уақыт көлемінде адам өміріне араша түсіп келеді. Тіпті ең қиын жағдайдағы науқастарды емдеп шығарыпты. Бір кездері күніне 20 сағаттап кезекшілік атқарғандығын еске алды.

 

- 90 жылдардың аяғы мен 2000-ның басында қиын кезеңді бастан кешірдік. Жалақы бойынша мәселелер, ауруханаларда материалдық тапшылық болды. Бірақ, сүйікті ісімізді тастамадық. Бүгінде міне қызмет етудеміз, - дейді Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухана травматология бөлімінің меңгерушісі Андрей Пороховой.

 

Ай сайын бөлімше дәрігерлері жүзден астам ота жасайды. Науқастар ағыны кейде көбейіп кетеді екен. Және олар жиі ес-түссіз немесе өлім аузында жеткізіледі. Травматологпен оның әріптестері әрқашан салқынқандылық танытып жағдайды қолға алып отырады. Бұл ретте біздің кейіпкеріміз ғылыми қызметпен де айналысатынын айтты.

 

- Сол кездегі меңгерушім Владимир Иванович Макаровпен бірге біз 2008 жылы ұзын құбырлы сүйектерді емдеу әдісін жасадық, ол 2010 жылы патенттелді, емдеудің осы әдісіне инновациялық патент алынды, - дейді Андрей Пороховой.

 

Андрей Пороховойдың әйелі де ақ халатты абзал жан, ал қызы жақында медициналық университетті бітіріп, әкесіне көмектесуді жоспарлап отыр. Кейіпкеріміздің өмірі күтпеген, тосын жайттар мен оқиғаларға толы. Және ол бір сәтте ажал аузындағы жанға араша түсетін батырға айналып шыға келеді. Бұл - ертегі немесе фильм емес, шынайы өмір.