Турфирмалар демалушыларынан айырылуда
Павлодар тұрғындары арасында шетелдің демалыс орындары арасында бірінші орында Араб әмірліктері тұр. Бұрын Дубайға деген 7 күндік сапарды 250 мың теңгеге сатып алуға болатын. Ал қазір жағдай өзге. Әрі баға жазға дейін өсе береді деген болжам бар.
-
Араб әмірліктеріне 7 күнге бару үшін адам басына 250 мың теңгеге жететін еді, ал қазір жоқ дегенде 300 мың теңге. Сол себепті туроператорлар өзге ұсыныстарды қарастыруда. Мысалы, Шри-Ланка, Пхукет, Гоа сынды жерлерге сапар бағасы төмендеді. Қымбаттауға, ұшақ билеттері мен доллар бағасы үлкен әсер етуде, - дейді павлодарлық турагенттігінің директоры Игорь Черных.
Әлімде орын алып жатқан жанжал салдарынан, ресейліктер үшін Еуропа бағыты толықтай жабық. Сол себепті көршілес ел азаматтар қазақстандық фирмалардың көмегіне жүгінуде.
-
Бізге ресейлік Омбы, Тюмень қалаларының туристері келіп, Қазақстан арқылы шетелге демалуға аттануда. Ешқандай қиындықтар жоқ. Керісінше біздің отандық турфирмалар үшін, жұмыс ауқымын арттыру мүмкіндігі, - дейді павлодарлық турагенттігінің директоры Игорь Черных.
Павлодарлық турагенттерінің айтуынша, шетелдік бағыт жергілікті азаматтар үшін қымбат, ал ресейліктер үшін ұшуға жабық болған жағдайда, отандық туризмнің керемет пакеттерін дайындып, әлеуетін арттыру қажет. Қазіргі таңда, Алматы мен Батыс Қазақстанға деген қызығушылық ерекше жоғары.
Авторы:Дархан Бекишев