Тыл еңбеккері: «Танк дәл басымыздан өтті»

Татарстан тумасы Мухлиса апа қазір 90 жаста. Соғыс басталған жылы әкесімен және жалғыз әпкесімен Ленинградта тұрған. Майдан кезіндегі жасы нақты есінде жоқ, бала болдық дейді. Дегенмен өміріндегі ең қиын кезеңдер әлі көз алдында. 

 

- Танк келе жатыр. Жасымды білмеймін. Бізге гранаттар берді. Біз ол кезде оның не екенін білмейміз де. Жертасада жатқанымыз есімде. Бір кезде солдаттар келе жатыр.  Танкті естідім. Дәл басымыздан өтіп кетті, - деді тыл еңбеккері.

 

Мухлиса апаның айтуынша сұм соғыс жылдары әкесі танкист болған. Кейін бейбіт жылдары әкесі мен әпкесінен айырылған. Ал анасы соғыс басталмай өмірден өткен. Бүгін оны еске алып бір шумақ әнін шырқады.

 

Мухлиса апа марқұм жолдасымен 5 бала сүйген. 3 немересі бар. Бала күнінен шығармашылыққа жақын жан Кемеңгер ауылындағы жергілікті клубта талай жылдар әртіс болып қызмет атқарған. Қазір зейнеттегі апа жасына қарамастан үйдің күйбең тіршілігімен айналысады.