Тігін шеберханасына от қойған адамды тапты

«Одан жауап алған соң қоя берген. Жақында ол мені осы жерде күтіп алды, менімен сөйлеспекші болды. Полицияға хабаласқанымда олар ештеме істей алмаймыз деді» - дейді Лариса Выдрина.

 

 

Полицияда қазір күдіктінің өртке қатысын дәлелдеу үшін бірқатар шаралар жүргізіліп жатқанын айтты.

 

 

«Мен бұл мәселе бойынша қосымша тексеремін. Неге оны жібере салғанын анықтаймын. Мүмкін оның да өз себебі бар шығар. Егер қылмыс ауыр емес болса, тұрғылықты мекенжайы болса және мінез құлқы қалыпты болса адамды қамауға алу заңға қайшы. Бұл жерде көп сұрақ  болуы мүмкін» - деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД басшысының бірінші орынбасары  Жасқайрат Қайыров. 

 

 

Лариса қазір ғимаратты қалпына келтіріп, өз ісін қайта дөңгелетуге тырысуда. Өрт кезінде нысанның шатыры, терезелері жанып кеткен болатын. Сонымен қатар тілсіз жаудан келген шығын 100 млн теңгеден асады. Дегенмен де, Лариса Выдрина күдікті бостандықта жүргендіктен тағы да  от қоя ма қауіптенеді.