Тұмауға қарсы және КВИ екпесін қатар салдыруға болмайды

Биыл адамдар маусымдық тұмаудың 3 штаммымен ауыруы мүмкін дейді санитарлық дәрігерлер. Басымдылық оқушыларға, созылмалы аурулары бар науқастарға, ұжымда немесе қызмет көрсету ұйымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерге берілгенімен, еркін түрде салынады. Қазіргі таңда тұмауға қарсы вакцинамен облыс тұрғындарының 20 пайызын егу жоспарлаған. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткен жылмен салыстырғанда көбірек қамтымақ. Мамандар  коронавирус пен тұмауға қарсы вакцина биыл қатар жүргізіліп жатқанын атап өтіп, қарсы көрсетілімдеріне де тоқталды.

 

- Арақашықтық бар. Екі вакцина бір уақытта салынбайды. Коронавирусқа қарсы вакцина мен тұмауға қарсы екпенің арасы бір айды құрайды. Орташа 2-4 апта. Және КВИ мен ауырғандарға бір ай тұмауға қарсы вакцина салынбайды, - деді СЭБД инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Құлмағамбетова.

 

Дегенмен санитарлық дәрігерлер бірінші кезекте КВИ-ға қарсы  вакцинаны алуға кеңес береді. Ал қазіргі таңда өңірімізде тұмаумен ауырған науқастар тіркелмеген.

 

Авторы: Арнагүл Исабекова