Тұрғын: «Енді қашан береді?»

Бұл солтүстікпен салыстырғанда екі есеге көп. Осыған байланысты қала тұрғындары қайнақтың беру мерзімін білгісі келеді.

 

  • Міне, ыстық су жоқ жаман болып тұр. Енді қашан береді? Түгелі айтады міне береді береді дейді. Әлі берген жоқ. Күзге дейін болмайды. Октябрьге дейін болмайды су,- дейді павлодарлықтар.

Солтүстікте 67 ақау, оның 10-ы магистральде орын алса, оңтүстіктегі сандар екі есеге көп. 139-дың 20-сы ірі құбырда. Алпауыт мамандары ең алдымен ірі олқылықтарды жояды. Кейін орамішілік аудандарға кіріседі.

 

- Жылыту маусымы аяқтала салысымен, «Павлодар жылу желілері» желілерде гидравликалық сынақтарын өткізді. Ең алдымен №2 және №3-ші кейін №1 жылу энерго орталығына тиесілі желілер сынақтан өтті. Қазіргі уақытта олар аяқталды. Магистраль және орамішілік ақауларды жөндеу жұмыстары басталып кетті,-дейді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші маманы Роман Гончаренко.

 

Естеріңізге салсақ, биыл әкімдік қайнақ су ажырату мерзімін бір айдан асырмауға уәде берген еді. Ол үшін жөндеу бригадаларының санын арттырған. Ыстық сусыз қалған мекенжайлардың тізімі алпауыттың сайтында жарияланған.

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа